Автор: denis
Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған республикалық семинар өтті
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Петропавл қаласындағы «DIGITAL URPAQ» оқушылар сарайында мамырдың 23-і қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумы өтті.
Форумның екінші бөлігі С. Мұқанов атындағы әмбебап ғылыми кітапханада жалғасты. «Қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы республикалық семинарға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, колледждердің, облыстық тілдерді оқыту орталығының, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің оқытушылары және онлайн режимде Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының қазақ тілі мұғалімдері қатысты.
Республикалық семинар барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қ.Рахымжанов, Назарбаев университеті, қазақ тілі және түркітану департаментінің оқытушысы А. Балабеков, Қарағанды қаласы «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының директоры, Ә. Смыкова, Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Д. Жүпенова баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді.
Видео
Қазақ тілі сабақтарында білім алушының кәсіби, қатынас, әлеуметтік, адамгершілік құзіреттіліктерін арттыру
Ақпанның 19-ы М. Қозыбаев атындағы СҚУ «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі сабақтарында білім алушының кәсіби, қатынас, әлеуметтік, адамгершілік құзіреттіліктерін арттыру» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинарға Тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Орал Жанатов қатысып,«Тілді оқытудың төрт сатысы» тақырыбында өз ойымен бөлісті. Шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ,«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Қазақ тілін оқытуың жүргізу мен ұйымдастыру ережелері
Орталық оқу процесінде қазақ тілін оқытудың талаптарын анықтайтын 1925–2015 ҚР СТ, 1926-2015 ҚР СТ, 1927-2015 ҚР СТ, 1928–2015 ҚР СТ, 1929–2015 ҚР СТ Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы азаматтарынын қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізіндегі «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама» басшылыққа алынады. Облыстағы тіл ахуалы ескеріліп 2016-2019 жылдары 128 сағатқа (8 айға) бейімделген А1, А2, В1, В2 және қысқа мерзімді 40-сағаттық, 24-сағаттық, 2020 жылдан бастап 128 сағат 100-112 сағатқа дейін қысқартылып, 40,100 сағаттық курстың әрбір салаға бейімдеп, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары әзірленді. 1 академиялық сағат 40 минут құрайды, 1 сабақ екі академиялық сағаттан тұрады. Оқу процессі ақпан — қазан айлары аралығында өткізіледі.
Бюджет қаражаты есебінен оқитын топтардың келісімшарты ұйым басшыларымен жасалады.
Мемлекет бюджетінен бөлінген қаражатқа оқитындардың оқу кестесі басшымен бекітіледі.
Топтарды ұйымдастыру тапсырыс беруші мекеменің бұйрығы негізінде жасалады. Аудандарда оқитын топтарды ұйымдастыру аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері жүргізеді. Сонымен қатар сұранысқа сәйкес өз еркімен тіл үйренушілерге арналған топтар ұйымдастырылады.
Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оларға жақын кабинеттерде сабақтың қалыпты барысы үшін қажетті тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сабақ басталғаннан кейін кабинетке кіру және кабинеттен шығу оқытушының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Сабақтар өткізу үшін әрбір топ деңгейге бөлінуі мүмкін.
Әрбір топта тыңдаушылар саны 15-тен кем болмауы тиіс. Оқуға кәмелеттік жастан асқан ересектер қабылданады. Топ тікелей өз басшысына және оқытушыға бағынады.
Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тіркеу және бағалау журналы жүргізіледі.
Орталықта тыңдаушылар білімін бақылаудың келесі түрлері:
— ағымдық тестілеу (оқу бағдарламасының деңгейімен белгіленеді);
— аралық тестілеу (оқу бағдарламасының оқу жоспарында қарастырылған сынақтар);
— қорытынды тестілеу (оқу стандарттарымен қарастырылған қорытынды сынақ) белгіленеді.
Тыңдаушыларға оқуды аяқтағаны не тыңдағаны үшін сертификат немесе анықтама беріледі.
Әр ай сайын тыңдаушылардың сабаққа қатысуына мониторинг жүргізіліп, сабаққа қатыспағаны жөнінде, аралық немесе қорытынды тестілеуден өту нәтижелері бойынша, жұмыс орнының басшысына немесе оның өкілеттілігіндегі басқа лауазымдық тұлғаға хабарланады.
Қорытынды сынақ бойынша сертификат (анықтама) беру ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысын іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында ересек тұрғындардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген қорытынды сынақ енгізіліп отыр.
Қорытынды сынақтың мақсаты – тестіленушінің ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылымы бойынша коммуникативтік компетенцияларын бағалауға бағытталған:
Тыңдалым – шағын және ұзақ диалог, қысқа монологтарда және есту арқылы түсінгенін анықтауға арналған тапсырмалар;
Лексика-грамматика – грамматиканы, лексиканы пайдалана білетіндігін анықтауға арналған тапсырмалар;
Оқылым – алуан мазмұнды, түрлі стильді мәтіндер мен соларды оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тапсырмалар;
Жазылым – тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты шығармашылық диктант, мазмұндама және ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу;
Айтылым – адамның ой-өрісін көрсете білуге арналған тапсырмалар.
Бірінші бөлік – тыңдалым. Оқылған мәтінді түсіну деңгейі төрт деңгей бойынша бағаланады:
- фрагментарлық түсіну;
- жалпы түсіну;
- толық түсіну;
- терең сыни түсіну.
Екінші бөлік – лексика-грамматикалық. Тілді түсіну, түсініп айту, қарым-қатынаста қолдана алу, жазуда пайдалана алу, лексика-грамматикалық материалды меңгеру деңгейі функционалдық және коммуникативтік тұрғыда бағаланады.
Бұл бағыттағы тест тапсырмалары белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешуі үшін қажетті тілдің құрылымы туралы түсінігі мен біліктілігінің деңгейін бағалауды көздейді.
Үшінші бөлік – оқылым. Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау мынадай төрт нысандар бойынша тапсырманы орындау нәтижесімен айқындалады:
- танысып оқу;
- зерттеу элементтерімен оқу;
- жүгіртіп оқу;
- зерттеп оқу.
Төртінші бөлік – жазылым. Жазба жұмыстары мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады және тексеріледі:
- жазба жұмыстарының грамматикалық сауаттылығы;
- жазба жұмысының мазмұны;
- жазба жұмысындағы тілдік құралдарды пайдалану сапасы;
- жазбаша тапсырманы орындау кезінде өз бетінше тілді қолдана алу дәрежесі.
Бесінші бөлік – айтылым. Өзін таныстыра білу керек, диалогқа
қатыса алу, сұраққа жауап беру, әңгіме құрастыру, көзқарасын дәлелдей білу, жағдаятқа баға беру керек.
Сынақ деңгейі.
Тілдік білімді бағалаудың – қарапайым, орта, ортадан жоғары деңгейлері бойынша бес балдық жүйесі негізге алынды. Тапсырмалардың 95% дұрыс жауап берген тестіленушілерге сертификат немесе анықтама беріледі.
2. Тыңдаушылардың үлгерімін бақылау:
Оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелердегі тыңдаушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды сынақтан өткізу ережесін анықтайды.
Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
— тыңдаушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау – бұл мұғалімнің бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында білімдерін жүйелі тексеру арқылы;
— тыңдаушылардың үлгерімін аралық бақылау – оқу курсының барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
— тыңдаушыларды қорытынды сынақтан өткізу – олардың курс бойынша алған білім деңгейінің меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім болып табылады.
3. Сертификат (анықтама) беру ережесі
Тыңдаушыға белгіленген деңгейде төменде көрсетілген шкала бойынша қазақ тілін жалпы меңгеруді анықтауға арналған тест тапсырмалары ұсынылады.
Бұл жүйе негізіндегі бөліктер бойынша тест тапсырмасына жауап беру ұсынылады. Тест жабық түрдегі тапсырмалардан тұрады, яғни ұсынылатын 4 жауап нұсқасынан бір ғана дұрыс жауабын табу түріндегі. Жалпы тест орындау уақыты белгіленген болады.
Тыңдаушы сертификат алу үшін жеке куәлігінің көшірмесін орталық әдіскеріне тапсыруы керек.
Мекемемен белгіленген сағат көлемінде келісімшарт негізінде ақысыз оқып, курсты толық аяқтаған тыңдаушыларға тыңдағанын куәландыратын сертификат беріледі.
Тыңдаушыға сертификат беру жүйесі орталықтың құжатында реттік нөмірімен тіркеледі және алғандығы жөнінде куәландыратын қолы қойылады.