1. Жалпы ереже
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысын іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында ересек тұрғындардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген қорытынды сынақ енгізіліп отыр.
Қорытынды сынақтың мақсаты – тестіленушінің ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылымы бойынша коммуникативтік компетенцияларын бағалауға бағытталған:
Тыңдалым – шағын және ұзақ диалог, қысқа монологтарда және есту арқылы түсінгенін анықтауға арналған тапсырмалар;
Лексика-грамматика – грамматиканы, лексиканы пайдалана білетіндігін анықтауға арналған тапсырмалар;
Оқылым – алуан мазмұнды, түрлі стильді мәтіндер мен соларды оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тапсырмалар;
Жазылым – тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты шығармашылық диктант, мазмұндама және ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу;
Айтылым – адамның ой-өрісін көрсете білуге арналған тапсырмалар.
Бірінші бөлік – тыңдалым. Оқылған мәтінді түсіну деңгейі төрт деңгей бойынша бағаланады:
Екінші бөлік – лексика-грамматикалық. Тілді түсіну, түсініп айту, қарым-қатынаста қолдана алу, жазуда пайдалана алу, лексика-грамматикалық материалды меңгеру деңгейі функционалдық және коммуникативтік тұрғыда бағаланады.
Бұл бағыттағы тест тапсырмалары белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешуі үшін қажетті тілдің құрылымы туралы түсінігі мен біліктілігінің деңгейін бағалауды көздейді.
Үшінші бөлік – оқылым. Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау мынадай төрт нысандар бойынша тапсырманы орындау нәтижесімен айқындалады:
Төртінші бөлік – жазылым. Жазба жұмыстары мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады және тексеріледі:
Бесінші бөлік – айтылым. Өзін таныстыра білу керек, диалогқа
қатыса алу, сұраққа жауап беру, әңгіме құрастыру, көзқарасын дәлелдей білу, жағдаятқа баға беру керек.
Сынақ деңгейі.
Тілдік білімді бағалаудың – қарапайым, орта, ортадан жоғары деңгейлері бойынша бес балдық жүйесі негізге алынды. Тапсырмалардың 95% дұрыс жауап берген тестіленушілерге сертификат немесе анықтама беріледі.
2. Тыңдаушылардың үлгерімін бақылау:
Оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелердегі тыңдаушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды сынақтан өткізу ережесін анықтайды.
Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
— тыңдаушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау – бұл мұғалімнің бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында білімдерін жүйелі тексеру арқылы;
— тыңдаушылардың үлгерімін аралық бақылау – оқу курсының барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
— тыңдаушыларды қорытынды сынақтан өткізу – олардың курс бойынша алған білім деңгейінің меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім болып табылады.
3. Сертификат (анықтама) беру ережесі
Тыңдаушыға белгіленген деңгейде төменде көрсетілген шкала бойынша қазақ тілін жалпы меңгеруді анықтауға арналған тест тапсырмалары ұсынылады.
Бұл жүйе негізіндегі бөліктер бойынша тест тапсырмасына жауап беру ұсынылады. Тест жабық түрдегі тапсырмалардан тұрады, яғни ұсынылатын 4 жауап нұсқасынан бір ғана дұрыс жауабын табу түріндегі. Жалпы тест орындау уақыты белгіленген болады.
Тыңдаушы сертификат алу үшін жеке куәлігінің көшірмесін орталық әдіскеріне тапсыруы керек.
Мекемемен белгіленген сағат көлемінде келісімшарт негізінде ақысыз оқып, курсты толық аяқтаған тыңдаушыларға тыңдағанын куәландыратын сертификат беріледі.
Тыңдаушыға сертификат беру жүйесі орталықтың құжатында реттік нөмірімен тіркеледі және алғандығы жөнінде куәландыратын қолы қойылады.