СКО, Петропавл қ., Кеншінбаев к-сі, 22
okytuortalygy16@sqo.gov.kz
8 (7152) 33-07-88
Экран Диктора
Қазақ тілін оқытуың жүргізу мен ұйымдастыру ережелері

Орталық оқу процесінде қазақ тілін оқытудың талаптарын анықтайтын 1925–2015 ҚР СТ, 1926-2015 ҚР СТ, 1927-2015 ҚР СТ, 1928–2015 ҚР СТ, 1929–2015 ҚР СТ Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы азаматтарынын қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізіндегі «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама» басшылыққа алынады. Облыстағы тіл ахуалы ескеріліп 2016-2019 жылдары 128 сағатқа (8 айға) бейімделген А1, А2, В1, В2 және қысқа мерзімді 40-сағаттық, 24-сағаттық, 2020 жылдан бастап 128 сағат 100-112 сағатқа дейін қысқартылып, 40,100 сағаттық курстың әрбір салаға бейімдеп, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары әзірленді. 1 академиялық сағат 40 минут құрайды, 1 сабақ екі академиялық сағаттан тұрады. Оқу процессі ақпан — қазан айлары аралығында өткізіледі.

Бюджет қаражаты есебінен оқитын топтардың келісімшарты ұйым басшыларымен жасалады.

Мемлекет бюджетінен бөлінген қаражатқа оқитындардың оқу кестесі  басшымен бекітіледі.

Топтарды ұйымдастыру тапсырыс беруші мекеменің бұйрығы негізінде жасалады. Аудандарда оқитын топтарды ұйымдастыру аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері жүргізеді. Сонымен қатар сұранысқа сәйкес өз еркімен тіл үйренушілерге арналған топтар ұйымдастырылады.

Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оларға жақын кабинеттерде сабақтың қалыпты барысы үшін қажетті тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сабақ басталғаннан кейін кабинетке кіру және кабинеттен шығу оқытушының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Сабақтар өткізу үшін әрбір топ деңгейге бөлінуі мүмкін.

Әрбір топта тыңдаушылар саны 15-тен кем болмауы тиіс. Оқуға кәмелеттік жастан асқан ересектер қабылданады.  Топ тікелей өз басшысына және оқытушыға бағынады.

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тіркеу және бағалау журналы жүргізіледі.

Орталықта тыңдаушылар білімін бақылаудың келесі түрлері:

—     ағымдық тестілеу (оқу бағдарламасының деңгейімен белгіленеді);

— аралық тестілеу (оқу бағдарламасының оқу жоспарында қарастырылған сынақтар);

— қорытынды тестілеу (оқу стандарттарымен қарастырылған қорытынды сынақ) белгіленеді.

Тыңдаушыларға оқуды аяқтағаны не тыңдағаны үшін сертификат немесе анықтама беріледі.

Әр ай сайын тыңдаушылардың сабаққа қатысуына мониторинг жүргізіліп, сабаққа қатыспағаны жөнінде, аралық немесе қорытынды тестілеуден өту нәтижелері бойынша, жұмыс орнының басшысына немесе оның өкілеттілігіндегі басқа лауазымдық тұлғаға хабарланады.

Послание Президента
Государственные символы