СҚО Тілдерді оқыту орталығында ересектерге қазақ тілінен сабақ беретін қазақ тілі оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқытушылар жетістіктері мен үздік әдістері туралы баяндаса, екінші кезеңде таңдаған ұяшықтардағы сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде байқауға қатысушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерін жүзеге асыра отыра, В2 деңгейіне арналған сабақ үлгісін көрсетті. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғысхаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қыркүйек айында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне Сәуле Макашева жолдама алды.