Тамыздың 19-ы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Орал Жанатов Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындалуы, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді. Шараға аталған департаменттің басқарма, бөлім басшылары мен орынбасарлары және онлайн режимінде аудандардағы полиция қызметкерлері қатысты.