СКО, Петропавл қ., Кеншінбаев к-сі, 22
okytuortalygy16@sqo.gov.kz
8 (7152) 33-07-88
Экран Диктора

Қазақшаңыз қалай?

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында «Қазақшаңыз қалай?» атты акция ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға қазақ тілін үйренудің тиімді жолдарын таныстыру және Тілдерді оқыту орталығының қызметі туралы ақпарат беру.

Акцияны Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Зарина Ақмағамбетова жүргізді. Шара барысында қатысушыларға қазақ тілінде сұрақ-жауап, интерактивті тапсырмалар мен жағдаяттық диалогтар ұсынылды. Сонымен қатар қазақ тілін өз бетінше меңгеруге көмектесетін онлайн платформалар туралы мәлімет берілді.

Қатысушылар белсенділік танытып, тілдік тапсырмалар арқылы өз білімдерін сынап көрді. Іс-шара еркін әрі танымдық форматта өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шараларды жалғастыру жоспарланып отыр.

🌸 Халықаралық әйелдер күніне арналған поэзия кеші

Бүгін Тілдерді оқыту орталығында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай поэзия кеші өтті. Кеш барысында қатысушылар ана, әйел, мейірім мен нәзіктік туралы әсерлі өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, іс-шарада арт-терапия ұйымдастырылып, қатысушылар шығармашылық жұмыстар жасап, жылы әрі жайлы атмосфера қалыптастырды. Кештің соңында қатысушылар караоке айтып, көтеріңкі көңіл-күймен бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Бұл кездесу барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күйде өтті.

💐 Осы мерекеге орай барша аруларды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасы амандығын және көктемдей шуақты көңіл-күй тілейміз!

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай тыңдаушылар арасында викторина ұйымдастырылды

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай тыңдаушылар арасында викторина ұйымдастырылды.
Викторина барысында қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен жылдамдықтарын сынады. Тартысты әрі қызықты өткен сайыста тыңдаушылар белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсетті.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Халықаралық Ана тілі күні аталып өтілді

СҚО Тілдерді оқыту орталығында Халықаралық Ана тілі күніне орай өзге ұлт өкілдері арасында «Тілдер алаңы» байқауы өтті. Байқауға Орталықтың тыңдаушылары қатысты. Шараның мақсаты – мемлекеттік тіл мен ана тілін насихаттау, тілдік ынтымақтастықты арттыру және этносаралық түсіністікті күшейту болды. Байқауға қатысушылар үш кезеңде бақ сынасты. Бірінші кезеңде тарихқа үңілсе, екінші кезеңде өнерлерін паш етті. Ал үшінші кезеңде қазақ тілінде тілек айтып жарысты. Шығармашылық қабілеті мен сөз саптау шеберлігі арқылы дараланған «Қоғамдық келісім» мекемесінің жетекші маманы Светлана Баева жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

 

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Jambyl: digital poetry» цифрлы поэзия кеші

Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Jambyl: digital poetry» цифрлы поэзия кеші өтті. Іс-шара аясында Тілдер оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушысы Айнагүл Сагиндыкова “Ғ. Мүсірепов атындағы кітапхана” қызметкерлеріне А1 деңгейі бойынша ағылшын тілінен сабақ өткізді.

Сабақ барысында қатысушылар интерактивті тапсырмалар орындап, жаңа сөздерді меңгеріп, тілдік дағдыларын жетілдірді. Шара заманауи форматта өтіп, тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырды.

ТІЛ ҮЙРЕТУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ КӨП

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

КҮНТІЗБЕЛІК — ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР 2023

Күнтізбелік — тақырыптық жоспар 2023

САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ

А2. Өсімдіктер әлемі

А2. Өсімдіктер әлемі(презентация)

АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУЛАР БОЙЫНША ЕСЕПТЕР

Аудан бойынша аралық бақылау кортындылары

Қала бойынша аралық бақылау қортындылары

Page 1 of 3
1 2 3
Послание Президента
Государственные символы