СКО, Петропавл қ., Кеншінбаев к-сі, 22
okytuortalygy16@sqo.gov.kz
8 (7152) 33-07-88
Экран Диктора

«Мемлекеттік тіл — Қазақстан Республикасының бірлігі мен келісімінің рухани қазығы» тақырыбында облыстық конференция туралы

Қазанның 29-ы облыс орталығындағы Достық үйінде СҚО ҚХА ғылыми-эксперттік тобының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл — Қазақстан Республикасының бірлігі мен келісімінің рухани қазығы» тақырыбында облыстық конференция өтті

. Іс-шараға тіл жанашырлары, тіл мамандары ҚХА мүшелері және студенттер қатысты. Конференцияға СҚО Тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Орал Жанатов қатысып, «Мемлекеттік тілді білу — азаматтық парыз» тақырыбы бойынша өз ойымен бөлісті.

Облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында «Қазақшаңыз қалай?» акциясын өткізді. Шара барысында қазақ және ағылшын тілдерін тегін оқу мүмкіндігі жайлы, тілді меңгерудің жеңіл жолдары турал

Ағымдағы жылғы тамыздың 21-і Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет

Ағымдағы жылғы тамыздың 21-і Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді оқыту орталығының басшысы Үмітжан Шәйкенқызы Шынтемірова мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдарымен өткен кездесуіне қатысып, «Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылы» тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Кездесуді «СҚО Азаматтық Альянсы Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырды.

Тамыздың 19-ы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет

Тамыздың 19-ы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Орал Жанатов Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасында тіл  саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын  орындалуы, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді. Шараға аталған департаменттің басқарма, бөлім басшылары мен орынбасарлары және онлайн режимінде аудандардағы полиция қызметкерлері қатысты.

Үздік оқытушылар арасында байқау өтті

СҚО Тілдерді оқыту орталығында ересектерге қазақ тілінен сабақ беретін қазақ тілі оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті.   Байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқытушылар жетістіктері мен үздік әдістері туралы баяндаса, екінші  кезеңде таңдаған ұяшықтардағы сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде байқауға қатысушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерін жүзеге асыра отыра, В2 деңгейіне арналған  сабақ үлгісін көрсетті. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғысхаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қыркүйек айында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне Сәуле Макашева жолдама алды.

Казтест

Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған республикалық семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Петропавл қаласындағы «DIGITAL URPAQ» оқушылар сарайында мамырдың 23-і қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумы өтті.

Форумның екінші бөлігі С. Мұқанов атындағы әмбебап ғылыми кітапханада жалғасты. «Қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы республикалық семинарға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, колледждердің, облыстық тілдерді оқыту орталығының, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің оқытушылары  және онлайн режимде Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

Республикалық семинар барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қ.Рахымжанов, Назарбаев университеті, қазақ тілі және түркітану департаментінің оқытушысы А. Балабеков, Қарағанды қаласы «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының директоры, Ә. Смыкова, Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Д. Жүпенова баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді.

Видео

Қазақ тілі сабақтарында білім алушының кәсіби, қатынас, әлеуметтік, адамгершілік құзіреттіліктерін арттыру

Ақпанның 19-ы М. Қозыбаев атындағы СҚУ «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі сабақтарында білім алушының кәсіби, қатынас, әлеуметтік, адамгершілік құзіреттіліктерін арттыру» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға Тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Орал Жанатов қатысып,«Тілді оқытудың төрт сатысы» тақырыбында өз ойымен бөлісті. Шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ,«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының қызметкерлері, оқытушылар  мен студенттер қатысты.

Қазақ тілін оқытуың жүргізу мен ұйымдастыру ережелері

Орталық оқу процесінде қазақ тілін оқытудың талаптарын анықтайтын 1925–2015 ҚР СТ, 1926-2015 ҚР СТ, 1927-2015 ҚР СТ, 1928–2015 ҚР СТ, 1929–2015 ҚР СТ Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы азаматтарынын қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізіндегі «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама» басшылыққа алынады. Облыстағы тіл ахуалы ескеріліп 2016-2019 жылдары 128 сағатқа (8 айға) бейімделген А1, А2, В1, В2 және қысқа мерзімді 40-сағаттық, 24-сағаттық, 2020 жылдан бастап 128 сағат 100-112 сағатқа дейін қысқартылып, 40,100 сағаттық курстың әрбір салаға бейімдеп, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары әзірленді. 1 академиялық сағат 40 минут құрайды, 1 сабақ екі академиялық сағаттан тұрады. Оқу процессі ақпан — қазан айлары аралығында өткізіледі.

Бюджет қаражаты есебінен оқитын топтардың келісімшарты ұйым басшыларымен жасалады.

Мемлекет бюджетінен бөлінген қаражатқа оқитындардың оқу кестесі  басшымен бекітіледі.

Топтарды ұйымдастыру тапсырыс беруші мекеменің бұйрығы негізінде жасалады. Аудандарда оқитын топтарды ұйымдастыру аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері жүргізеді. Сонымен қатар сұранысқа сәйкес өз еркімен тіл үйренушілерге арналған топтар ұйымдастырылады.

Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оларға жақын кабинеттерде сабақтың қалыпты барысы үшін қажетті тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сабақ басталғаннан кейін кабинетке кіру және кабинеттен шығу оқытушының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Сабақтар өткізу үшін әрбір топ деңгейге бөлінуі мүмкін.

Әрбір топта тыңдаушылар саны 15-тен кем болмауы тиіс. Оқуға кәмелеттік жастан асқан ересектер қабылданады.  Топ тікелей өз басшысына және оқытушыға бағынады.

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тіркеу және бағалау журналы жүргізіледі.

Орталықта тыңдаушылар білімін бақылаудың келесі түрлері:

—     ағымдық тестілеу (оқу бағдарламасының деңгейімен белгіленеді);

— аралық тестілеу (оқу бағдарламасының оқу жоспарында қарастырылған сынақтар);

— қорытынды тестілеу (оқу стандарттарымен қарастырылған қорытынды сынақ) белгіленеді.

Тыңдаушыларға оқуды аяқтағаны не тыңдағаны үшін сертификат немесе анықтама беріледі.

Әр ай сайын тыңдаушылардың сабаққа қатысуына мониторинг жүргізіліп, сабаққа қатыспағаны жөнінде, аралық немесе қорытынды тестілеуден өту нәтижелері бойынша, жұмыс орнының басшысына немесе оның өкілеттілігіндегі басқа лауазымдық тұлғаға хабарланады.

Послание Президента
Государственные символы