СКО, Петропавл қ., Кеншінбаев к-сі, 22
okytuortalygy16@sqo.gov.kz
8 (7152) 33-07-88
Экран Диктора

Қазақ тілі және ЖИ: жаңа мүмкіндіктер

Сәуірдің 23-і Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі және ЖИ: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты тіл оқыту әдістемесін жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу және оқытушылардың кәсіби дамуын арттыру болды. Тілдік дағдыларды жасанды интеллект көмегімен дамыту жолдары қарастырылған шараға Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары, ересектерге қазақ тілі үйірмелерін жүргізетін мұғалімдер қатысты. Семинар соңында белсене қатысқандар сертификаттармен марапатталды.

Қазақша сөйлеу — тренд

Ағымдағы жылғы сәуірдің 15-і күнделікті өмірде қазақ тілін жиі қолдануды әдетке айналдыру, өзге этнос өкілдерін қазақша сөйлеуге тарту және тіл арқылы бірлікті нығайту мақсатында «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық департаментінде «Қазақша сөйлеу — тренд» шарасы өтті.
Шараны Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Зарина Ақмағамбетова өткізді. Тұрмыстық өмірде жиі қолданылатын қазақ сөздерін есте сақтауды жеңілдету, мотивацияны арттыру және сөйлеу дағдысын дамыту үшін қызықты ойындар жүргізілді. Сондай-ақ тілді ән арқылы үйрету әдісі қолданылды. Шара соңында қатысушылар тыңдалым мен оқылым бөліктері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамына орай Тілдерді оқыту орталығында «Жаңару күні» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды 🌿✨

с-шараға Орталықтың тыңдаушылары белсенді қатысып, ұлттық дәстүрлерді дәріптей отыра, ерекше көңіл-күй сыйлады. Шара барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша өз бақтарын сынады. Атап айтқанда, қол күресінде ептілік пен төзімділіктерін көрсетті. 💪 Асық атуда мергендік танытты.

Бұл мерекелік шара ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, бірлік пен татулықты нығайтатын ерекше алаң болды. Қатысушылар бірін-бірі Жаңару күнімен құттықтап, көтеріңкі көңіл күймен тарқады. 💛

Қазақшаңыз қалай?

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында «Қазақшаңыз қалай?» атты акция ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға қазақ тілін үйренудің тиімді жолдарын таныстыру және Тілдерді оқыту орталығының қызметі туралы ақпарат беру.

Акцияны Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Зарина Ақмағамбетова жүргізді. Шара барысында қатысушыларға қазақ тілінде сұрақ-жауап, интерактивті тапсырмалар мен жағдаяттық диалогтар ұсынылды. Сонымен қатар қазақ тілін өз бетінше меңгеруге көмектесетін онлайн платформалар туралы мәлімет берілді.

Қатысушылар белсенділік танытып, тілдік тапсырмалар арқылы өз білімдерін сынап көрді. Іс-шара еркін әрі танымдық форматта өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шараларды жалғастыру жоспарланып отыр.

🌸 Халықаралық әйелдер күніне арналған поэзия кеші

Бүгін Тілдерді оқыту орталығында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай поэзия кеші өтті. Кеш барысында қатысушылар ана, әйел, мейірім мен нәзіктік туралы әсерлі өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, іс-шарада арт-терапия ұйымдастырылып, қатысушылар шығармашылық жұмыстар жасап, жылы әрі жайлы атмосфера қалыптастырды. Кештің соңында қатысушылар караоке айтып, көтеріңкі көңіл-күймен бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Бұл кездесу барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күйде өтті.

💐 Осы мерекеге орай барша аруларды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасы амандығын және көктемдей шуақты көңіл-күй тілейміз!

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай тыңдаушылар арасында викторина ұйымдастырылды

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай тыңдаушылар арасында викторина ұйымдастырылды.
Викторина барысында қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен жылдамдықтарын сынады. Тартысты әрі қызықты өткен сайыста тыңдаушылар белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсетті.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Халықаралық Ана тілі күні аталып өтілді

СҚО Тілдерді оқыту орталығында Халықаралық Ана тілі күніне орай өзге ұлт өкілдері арасында «Тілдер алаңы» байқауы өтті. Байқауға Орталықтың тыңдаушылары қатысты. Шараның мақсаты – мемлекеттік тіл мен ана тілін насихаттау, тілдік ынтымақтастықты арттыру және этносаралық түсіністікті күшейту болды. Байқауға қатысушылар үш кезеңде бақ сынасты. Бірінші кезеңде тарихқа үңілсе, екінші кезеңде өнерлерін паш етті. Ал үшінші кезеңде қазақ тілінде тілек айтып жарысты. Шығармашылық қабілеті мен сөз саптау шеберлігі арқылы дараланған «Қоғамдық келісім» мекемесінің жетекші маманы Светлана Баева жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

 

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Jambyl: digital poetry» цифрлы поэзия кеші

Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Jambyl: digital poetry» цифрлы поэзия кеші өтті. Іс-шара аясында Тілдер оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушысы Айнагүл Сагиндыкова “Ғ. Мүсірепов атындағы кітапхана” қызметкерлеріне А1 деңгейі бойынша ағылшын тілінен сабақ өткізді.

Сабақ барысында қатысушылар интерактивті тапсырмалар орындап, жаңа сөздерді меңгеріп, тілдік дағдыларын жетілдірді. Шара заманауи форматта өтіп, тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырды.

«Мемлекеттік тіл — Қазақстан Республикасының бірлігі мен келісімінің рухани қазығы» тақырыбында облыстық конференция туралы

Қазанның 29-ы облыс орталығындағы Достық үйінде СҚО ҚХА ғылыми-эксперттік тобының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл — Қазақстан Республикасының бірлігі мен келісімінің рухани қазығы» тақырыбында облыстық конференция өтті

. Іс-шараға тіл жанашырлары, тіл мамандары ҚХА мүшелері және студенттер қатысты. Конференцияға СҚО Тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Орал Жанатов қатысып, «Мемлекеттік тілді білу — азаматтық парыз» тақырыбы бойынша өз ойымен бөлісті.

Облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында «Қазақшаңыз қалай?» акциясын өткізді. Шара барысында қазақ және ағылшын тілдерін тегін оқу мүмкіндігі жайлы, тілді меңгерудің жеңіл жолдары турал

Page 1 of 2
1 2
Послание Президента
Государственные символы