СҚО Тілдерді оқыту орталығында Халықаралық Ана тілі күніне орай өзге ұлт өкілдері арасында «Тілдер алаңы» байқауы өтті. Байқауға Орталықтың тыңдаушылары қатысты. Шараның мақсаты – мемлекеттік тіл мен ана тілін насихаттау, тілдік ынтымақтастықты арттыру және этносаралық түсіністікті күшейту болды. Байқауға қатысушылар үш кезеңде бақ сынасты. Бірінші кезеңде тарихқа үңілсе, екінші кезеңде өнерлерін паш етті. Ал үшінші кезеңде қазақ тілінде тілек айтып жарысты. Шығармашылық қабілеті мен сөз саптау шеберлігі арқылы дараланған «Қоғамдық келісім» мекемесінің жетекші маманы Светлана Баева жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.