Ағымдағы жылғы сәуірдің 15-і күнделікті өмірде қазақ тілін жиі қолдануды әдетке айналдыру, өзге этнос өкілдерін қазақша сөйлеуге тарту және тіл арқылы бірлікті нығайту мақсатында «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық департаментінде «Қазақша сөйлеу — тренд» шарасы өтті.
Шараны Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Зарина Ақмағамбетова өткізді. Тұрмыстық өмірде жиі қолданылатын қазақ сөздерін есте сақтауды жеңілдету, мотивацияны арттыру және сөйлеу дағдысын дамыту үшін қызықты ойындар жүргізілді. Сондай-ақ тілді ән арқылы үйрету әдісі қолданылды. Шара соңында қатысушылар тыңдалым мен оқылым бөліктері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.